«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Отбасы — қоғамның тірегі

Отбасын қолдау орталығының басшысы ретінде Ұлттық құрылтайдың V отырысы мен үшін маңызды әрі мәнді болды. Бұл жиын қоғамның барлық буынына, соның ішінде отбасы институтына тікелей қатысты мәселелерді көтерді. Құрылтайда ұсынылған әлеуметтік қолдау, отбасы құндылықтарын сақтау, балалар мен жастардың тәрбиесін жетілдіру, сондай-ақ ата-ана мен балаларға арналған әлеуметтік қызметтерді дамыту идеялары біздің орталықтың негізгі бағыттарымен толық үндеседі.

Біздің орталық отбасының әл-ауқатын арттыруға, қиын жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Құрылтайда айтылған ұсыныстар – әлеуметтік әділеттілікті нығайту, отбасы мен бала мүддесін қорғау, отбасылық-демографиялық саясатты жетілдіру жолындағы нақты қадамдар. Бұл бастамалар бізге өз жұмысымызды одан әрі тиімді жүргізуге, қоғамдағы жауапты ата-ана мен белсенді отбасыларды қолдауға мүмкіндік береді.

Отбасы – қоғамның тірегі, ал біз сияқты орталықтар олардың өмір сапасын жақсартуға, қиындықтарды жеңуге, балалар мен ата-аналарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Ұлттық құрылтайдың V отырысы – отбасы институтына көрсетіліп жатқан қамқорлық пен қолдаудың, мемлекеттің адами капиталға бағытталған саясатының айқын көрінісі. Біз өз тарапымыздан әлеуметтік қолдау қызметтерін жетілдіруге, отбасы мен балаларға көрсетілетін көмекті арттыруға әрі қарай да үлес қосамыз.

Салтанат Сұлтанова, Мұғалжар аудандық Қамқор отбасын қолдау орталығының директоры.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕРЛЕСІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Құн салығы неге көтеріледі?

admin_mugalzhar

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.