«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Қандыағаштықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 мамыр – Бірлік күнін кең көлемде атап өтті.
Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов бұл мерекенің біздің елдегі бейбіт өмір мен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі екенін айтып, ауданда әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір мүдде жолында еңбек етіп келе жатқанын, бірлік пен келісім — басты құндылық екенін атап көрсетті.
Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан «Алпамыс батыр» саябағына жиналған жұртшылық өзге ұлт өкілдерінің дайындаған ұлттық тағамдарынан дәм татып, аудандық мәдениет саласының өнерпаздары дайындаған мерекелік концертті тамашалады. Ұлттық тағамдар көрмесіне аудан аумағында тұратын ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап, келушілерге ұсынды.

Айталық, шешен ұлтының өкілдері дайындаған «галушки» тағамы мен брынзасы, татар ұлтының «чак-чак» тәттісі, неміс халқының «штрули» тағамы, орыстардың асқабақ қосылған бәліші, өзбек ұлтының палауы, молдаван халқының тәтті тоқаштары көпшіліктің көңілінен шықты.
онымен бірге Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалымен бірлесіп, ауданның өнім шығарушыларының «Бір ауыл — бір өнім» көрмесін өткізді.

Ұйымдастырушылар көрменің мақсаты — ауыл кәсіпкерлерінің еңбегін таныстыру және жергілікті өнімдерді насихаттау екенін жеткізді.
Көрмеге ауданның 20 кәсіпкері қатысып, өз өнімдерін келушілерге ұсынды. Олардың қатарында тоқыма, қолөнер, зергелік бұйымдарын жасайтын, сүт, ет өнімдерін өңдейтін, жылыжай, кондитер шаруашылығын жүргізіп отырған кәсіпкерлер бар.
Шара соңында “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов көрмеге белсене қатысқандарға аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің Алғыс хатын тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

2021 жылы Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қалай өзгереді?

admin_mugalzhar

Жаңа қаулы: Оқушылар мектепке оралады

admin_mugalzhar

ӘЛІППЕ ӘЛЕМІ – ӘРІПТЕРМЕН ӘДЕМІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.