«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа сапалық кезеңі

Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтуі тарихи жады мен заманауи мемлекеттік ойдың сабақтастығын айқын көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл алаңның тек пікір алмасу шеңберінен шығып, ел дамуының стратегиялық бағыттары айқындалатын маңызды институционалдық тетікке айналғанын нақты атап өтті. Президенттің сөзі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын аңғартады.

Құрылтайдың әр өңірде өтуі орталық пен аймақ арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, азаматтардың ел басқару ісіне тікелей қатысуына мүмкіндік берді. Бұл – ұлттық мүдделерді кең ауқымда, ашық әрі инклюзивті талқылаудың тиімді форматы. Мемлекет басшысының Сыр өңірінің тарихи рөліне тоқталуы оның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызын бүгінгі күнмен сабақтастыра көрсетеді.

Арайгүл Әбентаева, Қандыағаш қалалық 3 мектеп-гимназиясының кәсіптік бағдар беру педагогі.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІ ЖЫЛУ: ТАРИФ БАҒАМЫНА БАҒДАР

admin_mugalzhar

БІЛІМ ОШАҒЫНДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЙЫНДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.