«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында облыс әкімінің кубогіне арналған спартакиада бағдарламасы мәресіне жетті.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған спартакиада ойындарында мемлекеттік қызметшілер спорттың бірнеше түрлерінен (футбол, волейбол, қазақ күресі, шахмат, дойбы, суға жүзу, бильярд т.б) сынға түсіп жүлделі орындарға таласты.
Тартысты өткен спартакиада ойындарының қорытындысы бойынша Мұғалжар ауданының мемлекеттік қызметкерлері жалпы командалық есепте І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. ІІ орынды Қобда, ІІІ орынды Байғанин аудандары иеленді.
Жалпы спартакиадаға облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерден 15 команда қатысқан болатын.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірқатар жаңа бастама ұсынды

admin_mugalzhar

Су тасқынына дайындық қалай?

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ: ТАЗАЛЫҚҚА ДА ЖАУАПКЕРШІЛІК КЕРЕК

admin_mugalzhar