«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Халық Кеңесі – Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган

Бір палаталы Парламент үлгісі пен мемлекеттік органдардың жаңартылған жүйесіне арналған ережелер жаңа Конституция жобасының бірнеше бөлімдеріне енгізілді. Бұл жөнінде Конституциялық комиссияның кезекті отырысындағы сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бір палаталы Парламент моделіне арналған нормалар төртінші «Құрылтай» деген бөлімде жинақталды. Онда заң шығару органының өкілеттіктері бекітілді, сонымен қатар Құрылтайдың сессияларына және оның қызметін ұйымдастыруға қатысты баптардың барлығы дерлік жаңартылды.

«Заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің қатары анықталды. Құрылтай заң қабылдау арқылы реттелетін аса маңызды қоғамдық қатынастардың тізбесі берілді. Заң жобаларын қарау мен қабылдаудың рәсімдері көзделді. Құрылтай Төрағасының лауазымына қатысты мәселелер жеке бапта реттелді» — деп Бақыт Нұрмұханов атап өтті.

Конституция жобасының бесінші бөлімі «Үкіметке» арналып отыр.

«Бір палаталы Құрылтайға көшуге байланысты көптеген ережелер нақтыланды. Олар Үкімет пен оның мүшелерінің Құрылтай алдындағы жауаптылығы мен есеп беру, сенімсіздік вотумын білдіру, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру мәселелеріне байланысты болып отыр», — деді ол.

Бақыт Нұрмұхановтың сөзінше, алтыншы бөлім екі баптан тұрады және Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты мәселелерді реттейді.

«Құрамына ел азаматтары кіретін бұл жоғары консультативтік орган Қазақстан халқының мүддесін білдіреді. Оның Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық референдум тағайындау туралы ұсынысқа бастама жасау және басқа да маңызды өкілеттіктері белгіленді», — деп атап өтті.

Жеке, жетінші бөлімде «Конституциялық Сотқа» қатысты нормалар шоғырландырылды.

Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Соттың құрамына, судьялардың өкілеттік мерзімдеріне және құзырына қатысты нормалар негізінен сақталғандығын мәлімдеді.

Осы орайда Конституциялық Соттың конституциялық бақылау жүргізетін және бүкіл ел аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі миссиясы белгіленді.

https://t.me/konstituciyalikreforma

Ұқсас ақпараттар

Енді несиені мерзімінен бұрын комиссиясыз өтеуге болады

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

admin_mugalzhar

Ертең Үкімет отырысы өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.