«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Данияр Шамшаев өзбекстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде қазақстандық Данияр Шамшаев чемпион атанды деп хабарлады turkystan.kz.
73 келіде сынға түскен спортшымыз финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен кездесіп, оны мерзімінен бұрын жеңді. Данияр Шамшаев шешуші жекпе-жекте қарсыласының осал тұсын тез тауып, «иппон» алды.
Бұған дейін әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль иеленген болатын. Ал ерлер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

«Үздік педагог» байқауы басталды

admin_mugalzhar

3 градусқа дейін үсік жүреді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar