«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақсуға ауызсу кірді

Ащысай ауылдық округіне қарасты Ақсу елді мекені «Ақсу» болғалы ауызсу тапшылығын күні бүгінге дейін көріп келген болатын. Күрмеуі тас түйіндей болған мәселенің шешімі биылғы жылы шешілді.

Ала жаздай ауызсу іздеп сабылып, тасып ішіп, тіпті сатып ішіп, қыстың күні қар мен мұзды ерітіп місе тұтып келген ауыл тұрғындары бұл жаңалыққа әлі аңтаң. Себебі, ауылда «елді мекен» аталғаннан ауызсудың үйге дейін жетіп, тегін ағып тұрғаны бірінші рет. Округ әкімі Нұргүл Каримованың айтуынша, қазіргі таңда, 34 түтіні бар ауылдағы ағайын мәре-сәре болып жатыр.

Аудындық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Ақсу елді мекенін ауызсумен қамтамасыз етуге 153 млн. 793 мың 200 теңге бөлінген. Оның 28 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалғаны «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қамтылған. Ауылдан 7 шақырым жерден су тартып, ауызсу жұмыстарын мердігер «Теміржолсу Ақтөбе» ЖШС-і жүргізді.

Әнуар ЕСҚАРА   

Ұқсас ақпараттар

Еңбектің берекелі жемісі

admin_mugalzhar

Астық жинау және жем дайындау кезінде ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

admin_mugalzhar

Мұғалжарлықтар Ақтөбеге барады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.