«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАСТЫ МІНДЕТ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Семинарға Ақтөбе облыстық метрология департаментінің мемлекеттік инспекторы Ахметбек Альниязов, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Тайман Мұхамбетов және аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер басшыларымен кәсіпорын өкілдері қатысты.⠀

Жиында Қандыағаш қаласындағы мекемелерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану барысында жүргізілген зерделеу және талдау жұмыстарының нәтижесі тыңдалды.⠀
Мемлекеттік рәміздердің пайдалану жағдайына жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді уақытылы жою бағытында бірқатар ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек жадынамалары таратылды.⠀
Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин мемлекеттік рәміздерді еліміздің конституциялық заңына сәйкес дұрыс пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстары әрқашанда маңызды екенін атап өтіп, мекемелерде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды

admin_mugalzhar

Өткен жылы өңірде 4 мыңнан астам кәсіпкер несие алған

admin_mugalzhar

Численность госслужащих сократят в Казахстане

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.