Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындалуы Қазақстанның құқықтық және демократиялық дамуына серпін береді. Құжатта халықаралық стандарттардың ескерілуі, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауға басымдық берілуі азаматтардың еркіндігін күшейтіп, мемлекетке деген сенімді арттыруға бағытталған. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Назгүл Баймұхамедқызы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде көрсетілуі – Қазақстанның дамуы үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл мемлекеттің әрбір азаматтың қадір-қасиеті мен еркіндігін қорғауға ерекше мән беретінін білдіреді», дейді ол.

