«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚСУ АУЫЛЫНА ТЕЛЕМҰНАРА ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Ақсу ауылында болып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Көктемгі су тасқыны кезінде Ақсу ауылының кіреберісіндегі көпірдің шетін су шайып кетті.
Осыған байланысты ауылдың тұрғындары жұмылып, жергілікті шаруа қожалықтарының техникаларын пайдаланып, ұйымдастырушылықпен жол қатынасын қалпына келтірді.

Енді осы ауылға кіреберістегі көпірді толық жөндеу үшін «Ақтөбе-Қандыағаш» жолы бағытында жұмыс жасап жатқан көпір салушы арнайы кәсіби мамандарды жіберіп, округ әкімі және жергілікті қоғамдық кеңеспен ақылдасып, су шайып кеткен көпірді жаңартуға немесе қайта қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттар дайындалатын болады.

Сонымен қатар қазіргі таңда Ақсу ауылына телемұнара (телевышка) орнату жоспарланып отыр. Аудан әкімдігі тарапынан бұл жұмыстарды жүзе асыру мақсатында ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Ауыл тұрғындары жиыннан кейінгі қабылдауда мал шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламалар, тиімді шағын несиелерді алу тәртіптерін сұрап, сауалдары қанағаттандырылды.

Ұқсас ақпараттар

1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

admin_mugalzhar

Президент: Цифрландыру мен ЖИ енгізу елімізді жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі

admin_mugalzhar

АЗАМАТ ШУНИМОВ: ЕЛІМІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ТӨРТІНШІ ОРЫНДА

admin_mugalzhar