«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Заңгер Айман Умарова жаңа Конституцияның преамбуласын жоғары бағалады

Жаңа Конституцияның преамбуласында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы көрініс тапқан. Бұл жөнінде белгілі заңгер, Конституциялық комиссияның мүшесі Айман Умарова Instagram-да жаңа Ата заңымызды талқылауға арналған тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген тұжырым – өте салмақты норма. Менің ойымша, преамбула сәтті және саяси тұрғыдан аса мағыналы шыққан», деп атап өтті Айман Умарова.

Оның айтуынша, Преамбуланың жаңа редакциясының басты күші – қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығына басымдық берілуінде.

«Бұл норманың мәні – біз мемлекеттілігіміздің мыңжылдық тарихпен тығыз байланысты екенін ашық түрде айтып отырмыз. Бұл – Қазақ хандығы мен қазақ мемлекеттілігі ХХ ғасыр оқиғаларынан әлдеқайда бұрын қалыптасқанын еске салу», деп толықтырды Конституциялық комиссияның мүшесі.

Жаңа Конституцияның жобасы преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімдерін қамтыды. Түзетулер 77 бапқа енгізілді, бұл Конституцияның жалпы мәтінінің 84 %-ын құрайды.

Ұқсас ақпараттар

ГАЗЕТ ТІЛШІСІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 100 әже мен 100 келін ұлттық құндылықтарды дәріптеді

admin_mugalzhar

КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.