«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары болып Әкімжан Еркенұлы Есенаманов тағайындалды.

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жаңадан тағайындалған Әкімжан Еркенұлының қызметіне сәттілік тіледі.

Ә. Есенаманов 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын слесарь болып бастаған ол бірнеше жыл Қандыағаш қаласындағы түрлі кәсіпорын мекемелерде слесарь, оператор, кәсіпорын директорының орынбасары болып еңбек етті. 2004 жылдан бастап кәсіпкерлік саласына ауысты. 2017 жылдан бастап Қандыағаш қаласынан ет өнімдерін өңдейтін «Қандыағаш Коммерция Групп» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды.

Ә.Есенаманов экономика, қаржы, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік салалары бойынша жетекшілік етеді.

Ұқсас ақпараттар

151 500 теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

Ипотекамен үй сатып алу үшін алғашқы жарнаға қанша ақша қажет

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ ДЕНСАУЛЫҚ МАРАФОНЫ

admin_mugalzhar