«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы республикалық ақпараттық науқан басталды

Қазақстанда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетугк қарсы республикалық ақпараттық науқан басталды. Іс-шара некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылыққа төзбеу қағидатын қалыптастыруға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Науқан наурыз айының 10-ына дейін жалғасады.

Науқанның мақсаты – әрбір әйел мен қыз бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа жол жоқ екенін және бұндай әрекет міндетті түрде жауапкершілікке әкелетінін көпшілікке насихаттау.

Аталмыш науқан аясында мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және еңбек ұжымдарында кездесулер өтеді. Сонымен қатар заңгер, полиция қызметкерлері мен психологтардың қатысуымен дәрістер, жастарға арналған жеке шекара және қауіпсіз орта туралы тренингтер, ата-аналармен балаларды қысым мен манипуляциядан қалай қорғау қажеттігі туралы кездесулер ұйымдастырылады.

Теледидар мен интернет кеңістігінде әлеуметтік роликтер, подкастар және мәселені терең білетін сарапшылардың қатысуымен сұхбаттар жарияланады. Науқанға блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары да қатысады.

Науқан аясында «QURMET» челленджі жарияланады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде фото, бейне және қысқа мәтіндер жариялап, құрмет пен жеке шекара ұғымы туралы өз пікірін бөлісе алады.

Егер сіз немесе жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа, қудалауға немесе некеге мәжбүрлеуге тап болса, 102 – полиция, 111 – Ұлттық сенім телефоны, өңірлердегі Отбасын қолдау орталықтары мен дағдарыс орталықтарына хабарласа алады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі әр азаматты бұл іс-шараға белсене қатысуға шақырады. Кездесулерге келіп, балалармен жеке шекара туралы сөйлесуге, зорлық-зомбылық көріністеріне бейжай қарамауға және әлеуметтік желілердегі бастаманы қолдауға үндейді.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ 28 БОРЫШКЕР – БАНКРОТ

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙҒА АУЫЗ СУ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.