«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ынтымақ пен бірлік – қоғам тірегі

Еліміз үшін ең қастерлі құндылықтардың бірі – қоғамдық келісім мен тұрақтылық. Қазақстан – тағдыр тоғыстырған сан түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт ел. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан өзара сыйластық пен түсіністіктің, даналықтың нәтижесі.
Елімізде әртүрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында, ортақ мақсат пен ортақ мүдде жолында еңбек етіп келеді. Күнделікті өмірде, көршілік қарым-қатынаста, еңбек пен қоғамдық істерде бір-бірімізге құрметпен қарап, ынтымақ пен бірлікті басты орынға қойып келеміз.
Ақсақалдар үшін ел ішіндегі татулық – ең үлкен аманат. Себебі бейбітшілік пен келісім бар жерде ғана даму болады, ұрпаққа үлгі болатын береке қалыптасады. Сондықтан кез келген жағдайда ақылмен шешім қабылдау – әр азаматтың борышы.
Әрбір айтылған сөзге жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бәріміз бірдей атсалысуымыз қажет.
Елдің ынтымағы – ең үлкен байлық. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтай білейік. Бейбітшілік пен келісім – біздің ортақ жетістігіміз, келер ұрпаққа қалдырар асыл мұрамыз.

Даулетов Ниедулла, Бозой ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ұқсас ақпараттар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

admin_mugalzhar

2023 жылы туристер үшін әлемдегі 7 қауіпсіз қала аталды

admin_mugalzhar

Асхат Шахаров Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан балабақшаға барды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.