«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Конституция жобасы кеңінен талқыланды

Мұғалжар өңірлік коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылау және оның мән-маңызын түсіндіру мақсатында Қандыағаш қаласындағы өнеркәсіптік-экономикалық колледж жастарының қатысуымен ашық сұхбат өткізді.
Кездесу барысында Конституция – мемлекеттің басты заңы екені, ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын айқындап қана қоймай, міндеттері мен жауапкершілігін де белгілейтіні атап өтілді. Жаңа жоба елдегі саяси және әлеуметтік жүйені жетілдіруге, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталғаны кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал ететініне тоқталды.
Коалиция мүшелері әр азаматтың пікірі маңызды екенін айтып, жастарды белсенділік танытып, өз ұсыныстары мен ойларын ашық білдіруге шақырды. Ел болашағы мен дамуына бейжай қарамай, жауапкершілікпен алдағы референдумға қатысу – ортақ міндет екені ерекше атап өтілді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан-Түрікменстанның сауда-экономикалық ынтымақастығын күшейтуге елеулі әлеует бар — Тоқаев

admin_mugalzhar

ЖСДП төрағасы: Конституциялық реформа – бұл қоғамның нақты сұраныстарына жауап

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.