«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Жаңа Конституция жобасын елге түсіндіру мақсатында Мұғалжар аудандық коалиция мүшелері тұрғындармен және бірқатар еңбек ұжымымен кездесті.

Коалиция мүшелері алдымен Қандыағаш пайдалану вагон депосына барды.
Жиында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның тарихи маңызына тоқталып, Конституциялық реформа азаматтардың сұранысына негізделгенін және қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылатынын атап өтті.
Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығында аудан жастары және волонтерлік топ өкілдерімен кездескен коалиция мүшелері Ата Заң жобасының өзегі — адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындау екенін баса айтты. Сондай-ақ жаңа жобада Егемендік пен Тәуелсіздік, елдің аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар санатына енгізілгенін жеткізді.
Маңызды кездесу Мұғалжар аудандық «Қамқор» отбасын қолдау орталығында жалғасты. Мұнда аудан ардагерлері мен көпбалалы отбасылар, әлеу­меттік осал топ өкілдерімен кездескен коалиция мүшелері жаңа жоба— еліміздегі саяси жүйені жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамалардың заңды әрі дәйекті жалғасы екенін тілге тиек етті. Алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Коалиция мүшелері Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебіне барып, Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының өкілдерімен де кездесті. Кездесуде білім саласының қызметкерлері жаңа Конституция жобасы туралы сұрақ қойып, спикерлерден нақты әрі толық жауап алды.

 

Ұқсас ақпараттар

Президент футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажеттігін айтты

admin_mugalzhar

ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖОЛАУШЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПАКЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.