Бүгін Қандыағаш қаласындағы Асық ату мен бес асықтан 2010-2012 ж.т жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Ақтөбе облысының чемпионатында бес асықтан жеңімпаз және жүлдегер атанған асықшы қыздардың есімдері белгілі болды.
Екі күнге созылған дүбірлі додада Мұғалжар ауданы командалық сында топ жарса, Хромтау ауданы екінші орыннан көрінді. М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей — интернаттың қыздары үздік үштікті түйіндеді. Осы жерде айта кететіні төртінші рет өткен облыс чемпионатында Мұғалжар ауданының қыздары төртінші жыл қатарынан жеңімпаз атанса, жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты аудандарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Жекелей сайыста жүлдегер атанғандар:
І САҚА:
1 орын — Инабат Амантай (Мұғалжар)
2 орын — Гүлнұр Құмар (Дарын)
3 орын — Сағыныш Сейтжапар (Хромтау)
ІІ САҚА
1 орын — Дильназ Тұралы (Хромтау)
2 орын — Әсемай Иштұрғанова (Мұғалжар)
3 орын — Айгерім Нәдір (Қандыағаш)
ІІІ САҚА
1 орын — Асылжан Ұзақбай (Мұғалжар)
2 орын — Диляра Қалдыбай (Смарт)
3 орын — Жұпар Сейтжапар (Хромтау)
Облыс чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған асықшы қыздар Ақтөбе облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының диплом, медальдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықпен марапатталды.

