«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғалымдар жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Бүгінгі заман – білім мен ғылымның ғасыры. Осыған орай жаңа Конституция жобасына еліміздегі аталған саланың өркендеуіне қатысты маңызды нормалардың енгізілуі – уақыт талабы. Бұл туралы өз сөздерінде белгілі ғалымдар мен сала еңбеккерлері айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Философия, саясаттану және дінтану институты» ЖШҚ РМК бас директорының орынбасары Ермек Тоқтаровтың айтуынша, жаңа Ата заңның қабылдануы ғылым үшін маңызды жаңалық болмақ. Ол ғылымның құндылық ретінде Негізгі заң преамбуласында, сондай-ақ стратегиялық басым бағыт ретінде үшінші бапта аталғанына тоқталды.

Аа

«Біздің қоғам үшін ғылымның дамуы аса өзекті мәселе. Жаңа Конституция осы салаға бірқатар өзгеріс алып келмек. Мәселен, алдағы 2028 жылдан бастап ғылымды қаржыландыру жүйесі өзгереді. Жергілікті атқарушы органдарға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тапсырыс беруге мүмкіндік қолжетімді болады. Бұл ғалымдарымыздың жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндіктер туғызбақ», деп атап өтті ол.

Аталған институттың бас ғылыми қызметкері Асқар Шоманов биылғы жыл басталғалы еліміз үшін маңызды саяси оқиғалар орын алып жатқанын, соның ішінде ең өзектісі жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдум екенін атап өтті.

«Ата заңымыздың жаңаруы тек мәтінінің өзгеруі ғана емес. Бұл бастамалар елімізде соңғы 5-6 жылда жүргізіліп жатқан реформалармен астасып жатыр. Жаңа Конституция біздің болашақ даму траекториямызды айқындауымен құнды. Жобаға елдің саяси өмірін ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ережелер де енгізілген. Сондай-ақ қарапайым тұрғындардың да жеке өмірлеріне қатысты мәселелерді қозғайды. Сондықтан біз тарихи маңызы зор бетбұрысқа куә болып отырмыз», деді ол.

Аа

Ғалым, сондай-ақ, бүгінгі конституциялық реформаларды 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда жаңа Ата заңымыздың қабылдануымен салыстыруға болатынын айтты.

«Қазіргі қолданыстағы Конституция сол уақытта біздің алдағы ондаған жылға арналған стратегиялық даму жолымызды айқындаған болатын. 15 наурызда республикалық референдумда жаңа Ата заңымыз қабылданар болса, ол да біздің мемлекеттің және қоғамның алдағы жылдарға арналған даму бағытын айқындап беретіні сөзсіз. Мен біздің халқымыз жаңа жобаны қолдайды деп үміттенемін», деп сөзін түйіндеді ол.

«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ЖШҚ РМК ғылыми қызметкері Ақбота Рабатқызы өз сөзінде ғылым – елдің технологиялық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізі екенін жеткізді.

Рр

«Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымның дамуына қатысты маңызды нормалар бар. Мен жас ізденуші ғалым ретінде бұл бастамалардың мәнін түсінемін. Сондықтан 15 наурызда дұрыс шешім қабылдаймын», деді ол. 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысындағы барлық қызметтің қарлы боран мен су тасқыны маусымына дайындығы талқыланды

admin_mugalzhar

«Борышкер»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.