«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы аудан көлемінде және Талдысай ауылдық округі бойынша биыл жоспарланған жұмыстарға тоқталып, ақпарат берді.

56 үйі, 293 тұрғыны бар Еңбек ауылындағы жұмыс жасап тұрған ауыз су ұңғымасына КБМ кешенді блок модулі ауыз су ұңғымасы (скважина) орнатылады.
Ауылға орталықтандырылған ауыз су кіргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттары 2023 жылы әзірленеді.

Сондай-ақ Еңбек ауылына «Beeline» ұялы байланысын орнату үшін телемұнара орнату жоспарланды. Бұл бойынша алдағы аудандық мәслихаттың сессиясында қаражат бөлінетін болады.
Сонымен қатар аудан басшысы 1,5 шақырым болатын ауылдың орталық М.Әуезов көшесіне орташа жөндеу жүргізілетіндігін және жаңа ауылдық клуб салу жұмыстары жоспарланғандығын тұрғындарға баяндады.

Кездесуде Еңбек ауылының тұрғыны 70-80 ірі қара сатып алып, ауласына қора салып, ауылдың ішінде мал ұстау жөнінде ұсыныс білдірді.
Осындай мәселеге қатысты қазіргі таңда Парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заң жобасы аясында әрбір аулада малдың саны шектелетіндігі, мал саны көп тұрғындар шаруа қожалығын ашып, конкурсқа қатысып, жер алып, қыстаққа көшіп, шаруа қожалық ретінде қалыптасу қажет деген түсініктеме берілді.

Еңбек негізгі мектебіне спорт зал салу жөнінде ұсыныс айтылды. Аудандық білім бөліміне осы мектеп ғимаратына байланыстырып спорт зал салуға жобалық-сметалық құжаттар дайындау жөнінде тапсырма берілді.
Кездесуден кейін аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ірі кәсіпорындар жұмыс орнын сақтау меморандумына қол қойды

admin_mugalzhar

Соңғы күндері бірде-бір коронавирус жағдайы тіркелмеген қала аталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.