Жақында Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш-Ақтөбе бағытына жолаушылар тасымалдайтын такси көліктерінің жолақысы 800 теңгеге қымбаттағанын және ол жайында жергілікті әкімдікке хабарланбағандығын жазған болатынбыз.
Бұл жайттан хабардар болған Қандыағаш қаласы әкімдігі жолақасының мәселесін лезде назарға алып, такси тұрақтарының иелерімен кездесіп, жолақасын қайта 700 теңге қылды.
Қандыағаш қаласы әкімнің орынбасары Ерік Бұқарбаевтың айтуынша, бұл мәселе алдағы уақытта жан-жақты қаралатын болады.
Әнуар ЕСҚАРА