«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа өзгерістердің бастамасы

Мен жаңа Конституция жобасын қолдаймын. Әсіресе, меншікке қатысты ұсынылған өзгерістерді маңызды, әрі уақыт талабына сай деп санаймын.

Қазіргі Негізгі заңда мемлекеттік және жеке меншік танылады және қорғалады деп жазылған. Бірақ енді бұл норма нақтырақ айқындалмақ. Яғни меншік иесі өз мүлкін пайдаланғанда:
– қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай әрекет етуі керек;
– қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс;
– басқа адамдардың заңмен қорғалатын құқықтарын бұзбауы қажет.

Менің ойымша, бұл өте әділ талап. Себебі меншік – тек құқық қана емес, жауапкершілік те. Жер, су, жер қойнауы, табиғи ресурстар халыққа тиесілі болып қала береді, ал мемлекет оларды халық атынан басқарады. Бұл норма өзгермейді.
Алдағы референдум – әр азаматтың болашаққа деген ұстанымын білдіретін мүмкіндік. Мен өз таңдауымды жасаймын.

Құрал Байсұлтанов, Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы. 

#Референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Ұқсас ақпараттар

ЖУРНАЛИСТ-АРДАГЕРГЕ “ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Заң және тәртіп: 5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтердің қозғалысына тыйым салынады.

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.