«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды – Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM – Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Ондаған жыл бойы экономикамызда тапшылық, біржақтылық көп болғанын білесіздер. Бұл еліміздің одан әрі дамуына үлкен кедергі болды, әлі күнге дейін осындай келеңсіз үрдіс бар. Өндіріс және ауыл шаруашылығы саласы баяу дамыды. Коммуналдық-шаруашылық, энергетика, су, жол инфрақұрылымының әбден тозығы жетті, — деді Мемлекет басшысы.

Қазір ахуал Үкіметтің нақты мақсаттарға сай жұмысының арқасында біртіндеп өзгеріп жатыр.

— Біз мемлекетіміздің жаңа индустриялық, энергетикалық және инфрақұрылымдық арқауын, яғни каркасын жасауға кірістік. Мысалы, өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны екі жыл қатарынан 6 пайыздан асып отыр. Бұл үдеріс аймақтардың мықты экономикалық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Былтырдың өзінде еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды. 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Ал биыл Үкіметтің болжамы бойынша құны 1,7 триллион теңге болатын 200 кәсіпорын қызметін бастайды. Онда 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған, — деді ол.

Осылайша, Қазақстанның бұрынғы индустриялық қуаты жандана түседі. Өнеркәсіптің мүлде жаңа салалары пайда болады. Мысал ретінде машина құрастыру және электр техникасының жабдықтарын жасау саласын айтуға болады».

 

Ұқсас ақпараттар

2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов

admin_mugalzhar

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгерді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.