«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНҒА 200 ДОЗАЛЫҚ «СПУТНИК V» ЕКПЕСІ ӘКЕЛІНДІ

Ауданда наурыз айынан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы салына бастайды. Бүгінде ауданға 200 дозалық екпе жеткізілген. Бұл туралы Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жанна Тәжімұратова хабарлады.

Оның айтуынша, вакцинация профилактикалық егуге қарсы көрсеткіші жоқ адамдарға ғана рұқсат етіледі. Екпе алмас бұрын дәрігердің тексеруінен өту керек. Тек қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана екпе салынады. Екпе қабылдаған адамның жәй-күйі 30 минут бойы дәрігердің назарында болады. Ауданда алғашқы кезеңде инфекция жұқтыру қаупі бар деп саналатын медицина мамандарына екпе жасалатын болады. Алғашқы болып аудандық санитарлық дәрігері Болатбек Шағалбаев екпе алған болатын. — Бірінші кезеңде, яғни наурызда медицина қызметкерлері екпе қабылдаса, екінші кезеңнен бастап педагогтер, ішкі істер және мемлекеттік қызметкерлерге ерікті түрде салынады. Алайда бұл екпе 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге, созылмалы дертке шалдыққан ауыр жағдайдағы науқастарға ұсынылмайды, — деді дәрігер Жанна Жақсыбергенқызы. Созылмалы аурумен есепте тұрған қант диабеті мен қан қысымы жоғары адамдар, жүрек, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігімен ауыратын науқастар арнайы дәрігердің кеңесінен кейін, ауру дәрежесіне қарай екпе ала алады.

Н. ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫН: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

6 өңірде су тасқыны болуы мүмкін

admin_mugalzhar

ГАЗЕТ ТІЛШІСІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.