«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ: 39854 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ САЙЛАУШЫ ТІРКЕЛДІ

Бүгін ел бойынша маңызды саяси науқан – жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдум өтуде.
Бұл – ел болашағына әсер ететін тарихи сәт.
Аталған маңызды саяси науқанға Мұғалжар ауданы тұрғындары да белсенді қатысуда. Қазіргі уақытта аудан аумағында барлығы 46 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде Қандыағаш қаласында – 11, Ембі қаласында – 6, Жем қаласында – 1, ал ауылдық округтерде – 28 референдум учаскесі орналасқан.
Аудан бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 39 854 сайлаушы тіркелген. Барлық учаскелерде дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасау, ашық әрі әділ дауыс беру процесін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілген.
Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістердің басты мақсаты – мемлекетті басқару жүйесін жаңарту, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды күшейту. Сонымен қатар, жаңа өзгерістер арқылы Парламенттің рөлі күшейіп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтіледі. Конституциялық Сот қайта құрылып, азаматтардың өз құқықтарын қорғауға тікелей жүгінуіне жол ашылады.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, бірқатар маңызды нормалар да енгізілмек. Атап айтқанда, жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі екендігін нақтылау, адам құқықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен жауапкершілікті арттыру көзделген. Бұл өзгерістер еліміздің демократиялық дамуын нығайтуға бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

admin_mugalzhar

1 ҚАЗАННАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ЖЫЛУ БЕРУ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.