«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЯН МЕН ЕСЕН — ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

19-24 қаңтар күндері Орал қаласында бокстан 2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Ел чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық жас боксшы қатысты.

Осы додада Ақтөбе облысының намысын Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Саян Кубеков пен Есен Сағынғали қорғады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Саян Кубеков 52 келі салмақта, Есен Сағынғали 43 келі салмақта ІІ орынды иеленді. Саян мен Есенді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз.

Ұқсас ақпараттар

ҚОЙ ҚЫРҚУДАН САЙЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

admin_mugalzhar