«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өз таңдауын жасады

Бүгін Халық кеңсесі ғимаратында №540 референдум учаскесінде дауыс беру процесі өтуде. Учаскелік комиссия төрағасы Абзал Жалғасовтың айтуынша, бұл учаскеде барлығы 1846 азамат тіркелген.

— Учаске таңғы сағат 6:00-де жұмысын бастады. Қазіргі таңда 50-ден аса адам келіп, өз таңдауын жасап үлгерді, — деді комиссия төрағасы.
Осы учаскеде «Тентек» лақап атымен танымал футбол жанкүйері дауыс берді. Ол референдумның маңызына тоқталды. – Менің ойымша референдум ел дамуы үшін маңызды. Өйткені ол азаматтарға елдегі маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан бүгін арнайы келіп, дауыс бердім. Әрбір адам ел болашағына бейжай қарамай, осындай саяси науқандарға қатысуы керек, — деді ол.
Комиссия төрағасының айтуынша, осы референдум учаскесі бойынша әзірге үйден дауыс беруге өтініш түспеген. Учаскедегі жағдай тұрақты бақылауда.

Ұқсас ақпараттар

ЖАС СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСУ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ ЖАНАРЫС РАХМЕТҚАЛИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақтың Асанәлісі — Ақтөбеде

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.