«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ ЖАМАҒАТТЫ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудандық «Нұртай» мешітінде болып, айт намазына жиылған жамағатты Ораза айт мейрамымен құттықтады.

Аудан басшысы Рамазан айы — Жаратқан Иемізге құлшылық жасау, сабыр, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы екенін атап өтті.

-Барша жиылған жұртты бүгінгі Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Биылғы көктем еліміз үшін үлкен сынақпен басталды. Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны орын алып, ауданымызда да төтенше жағдай жарияланды. Қиын сәтте аудан тұрғындары ауызбіршілік танытып, бірнеше ауылдарда туындаған мәселелерді бірлесіп шешіп, Сіздердің қасиетті айда тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болды, — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, бұл қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі барша мұсылман қауымы үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ПУТЬ К СИЯЮЩЕЙ УЛЫБКЕ

admin_mugalzhar

ДДҰ қандай жағдайда маска тағу керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

11 БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.