«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді

Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді.

Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті.
«Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін, – деді мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.

Еске сала кетейік, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум бүгін, 15 наурызда өтіп жатыр. Дауыс беруге 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. Алғашқы референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де Сеул мен Токио қалаларында ашылған болатын.

Ұқсас ақпараттар

БІР ҮЙДІҢ ТОҒЫЗ ҚЫЗЫ

admin_mugalzhar

№53 ТАЛДЫСАЙ РАЗЪЕЗДІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Биыл ЭКО жасатуға қанша квота бөлінгені белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.