«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Референдум нәтижелері Қазақстан халқының өз елінің конституциялық болашағын қалыптастыруға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді – ИЫҰ бақылаушылары

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшылығының Азия басқармасының басшысы Имран Садихов байқау нәтижелерімен бөлісті.
«Референдумның алдын ала нәтижелері азаматтардың кеңінен қатысқанын көрсетеді, бұл Қазақстан халқының елдің конституциялық болашағын қалыптастыруға белсенді араласқанын айқындайды. Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды және халықаралық байқаушылардың жұмысына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан билігіне алғыс білдіреді. Бас хатшылық Қазақстан басшылығы мен халқын осы маңызды ұлттық оқиғаның сәтті өтуімен құттықтайды. Сонымен қатар, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымының құнды әрі белсенді мүшесі болып қала беретіні расталып, елдегі конституциялық институттарды нығайтуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған күш-жігерге қолдау білдіріледі», – деді спикер.

 

Ұқсас ақпараттар

Экожүйе мен ауыл шаруашылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолындағы нақты қадам

admin_mugalzhar

Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін күшейтеді — депутат

admin_mugalzhar

Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

admin_mugalzhar