16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүр күніне орай Ембі қалалық мәдени орталығында ұлттық қолөнерді насихаттауға бағытталған «Ұршық иіру» шеберлік сағаты ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Шараға арнайы келген «Асыл әжелер» ансамблінің мүшелері көпшілікті қазақтың көне қолөнерінің бірі – ұршық иірудің қырсырымен таныстырды. Ақ жаулықты әжелер жүн дайындаудан бастап, оны түтіп, ширатып, жіп иіруге дейінгі барлық кезеңді іс жүзінде көрсетіп, бұл өнердің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтты. Сонымен қатар шара барысында халық әндері орындалып, ұлттық нақыштағы әсем әуендер кештің көркін аша түсті. Бұл өз кезегінде шараның мазмұнын байытып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Шеберлік сағатына қатысушылар ұлттық мұраға ерекше қызығушылық танытып, әжелердің тәлімін алып, ұршық иіріп көруге мүмкіндік алды. Сол күні Ембі қалалық кітапханасында ұлттық тағамдарды насихаттау мақсатында «Дәс-түрім – асыл мұратым: ұлттық сүт өнімдері» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шараға жеке кәсіпкер, «Несібе ұлттық өнімдерінің» иесі Несібелі Қаржаубаева арнайы қонақ ретінде шақырылып, өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесуге колледж студенттері белсене қатысып, ұлттық тағамдардыңжасалужолдары мен олардың пайдасы туралы мағлұмат алды. Кездесу барысында кәсіпкер өз кәсібін қалай бастағанын, ұлттықсүт өнімдерін дайындаудың қыр-сырын әңгімелеп берді. Сондай-ақ қазақтыңдәстүрлітағамдары – құрт, ірімшік, айран, қаймақ, сары май секілді өнімдердің ерекшелігіне тоқталып, олардың адам денсаулығына тигізер пайдасын атап өтті. Студенттер де белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақпен еркін сұхбат құрды. Өз сөзінде Несібелі Амантайқызы жастарға кәсіп бастауда табандылық пен еңбекқорлықтың маңыздылығын айтып, ұлттық дәстүрді ұмытпай, оны дәріптеу әр азаматтың парызы екенін жеткізді.
Шара барысында ұлттық тағамдарға байланысты қызықты ойындар мен викториналық сұрақтар қойылып, студенттер өз білімдерін сынап көрді. Танымдық кездесу студенттердің ұлттық тағамдарға деген қызығушылығын арттырып, олардың құндылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жастаркәсіп-керлік туралы пайдалы ақпарат алып, ұлттық мәдениетті насихаттаудың маңызын сезінді. Кездесу соңында қонаққа алғыс білдіріліп, естелік сыйлық табысталды.

