«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КІТАПХАНАДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Ембі қалалық кітапханасында «Қызмет көрсетудің жаңа бағыттары: Жаңа технология, жаңа бағыт, жаңа көзқарас» атты аудандық семинар өткізілді.

Аудан аумағында кітапханашылар арасында алғаш рет өткізіліп отырған семинарға Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Хамзина мен аудандық, қалалық, ауылдық округтерден — барлығы 15 кітапханашы қатысты.

Кітапхана жұмысында озық іс-тәжірибені пайдалану, түйінді мәселелерді зерттеп-зерделеу, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, цифрлық сауаттылықты арттыра отырып, заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, бүгінгі технология қарыштап дамыған заманда оқырманды кітапханаға тарту, кітапханашылар арасында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында өткізілген семинарды кітапхана директоры Г.Ниязова ашып, кітапханашыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында «Кітапхана ісін дамытудағы жаңашылдықтарды ілгерілету», «Шығармашылыққа толы кітапханалық шаралар», «Кітапхана қорын толықтырудың принциптері және міндеттері», «Кітап оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржыны» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалып, кітапханашылар өз араларында практика жүзінде тәжірибе алмасты.

Аталмыш семинар кітапханашылар арасындағы «Kahoot» интеллектуалды ойынымен жалғасын тауып, одан кейін Ембі қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы А.Агисова Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесін өзі жазып, сахналық қойылымды көпшілікке ұсынды. Кештің соңында Color Parti тренингі өткізіліп, семинарға қатысқан кітапханашылар Алғыс хаттармен марапатталып, сертификаттар табысталды.

Айсәуле ӘБДІКӘРІМОВА, Ембі қалалық кітапханасының әдіскері

Ұқсас ақпараттар

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

admin_mugalzhar

НАН БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.