«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

70 ақтөбелік «Ақтөбе жастары» бағдарламасы арқылы баспаналы болды

Ақтөбеде 70 жас тұрғынның «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттары мақұлданды. Жоба жұмыс істейтін жастарды қолдауға бағытталған және облыс әкімдігінің қолдауымен төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мәліметінше, 2026 жылы бағдарламаны іске асыруға 1 миллиард теңге бөлінген. Оның 500 миллион теңгесі — облыстық бюджеттен, тағы 500 миллион теңгесі — Отбасы банкінен қарастырылған.

Бағдарламаға 18 бен 34 жас аралығындағы, соңғы бес жылда жеке баспанасы болмаған және кемінде алты ай еңбек өтілі бар ақтөбеліктер қатыса алады.

Жоба денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, агроөнеркәсіп кешені, спорт, журналистика салаларының қызметкерлерін, сондай-ақ «Қазпошта» мамандарын, мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерін қамтиды.

Жыл басында үміткерлерді іріктеу жүргізіліп, оның нәтижесінде 70 адам бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда олардың 30-ы баспана сатып алып үлгерген.

Бағдарлама аясында Отбасы банкі жылдық 5 пайызбен 19 жылға дейін ипотекалық несие береді. Қарыздың ең жоғары сомасы – 15 миллион теңге. Қатысушы бастапқы жарна ретінде кемінде 20 пайыз төлеуі тиіс. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтан алуға болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

admin_mugalzhar

Қазақстандық арнайы жасақтардың командалары халықаралық жарыстан елге оралды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.