«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қандыағаш қаласында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік жұмыстары басталды. Қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға 53 мекеме белсенді түрде қатысып, жалпы саны 600-ге жуық адам жұмылдырылды.
Сенбілік барысында қатысушылар көшелерді, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, айналаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде.
-Ауқымды тазалық шарасын сапалы әрі уақытылы орындау үшін 5 арнайы техника тартылып, қоқыстарды шығару және тиеу жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда,-дейді қала әкімінің орынбасары Қанат Мусин.

Ұқсас ақпараттар

ГҮЛНҰР МЕН ЖАНАРЫС АЗИЯ КУБОГІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды

admin_mugalzhar

Қазақстанда дүйсенбіде 43 градусқа дейін ыстық болады

admin_mugalzhar