«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында “Қалдықсыз қоғам”: болашақ үшін бүгінгі қадам

Ақтөбе өңірінде экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастамалар жалғасуда. Биыл 30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн. Атаулы датаға орай, сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының аясында облыстың білім беру ұйымдарында “Қалдықсыз қоғам” акциясы өтіп, оқушылар, ұстаздар мен ата-аналарды ортақ мақсатқа жұмылдырды.

Акцияның басты мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа жанашырлық көзқарас қалыптастыру және тұрмыстық қалдықтарға жауапкершілікпен қарауды үйрету.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңір мектептерінде “Қалдықсыз өмір – жарқын болашақ”, “Таза табиғат – таза болашақ” тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызы жан-жақты түсіндірілді. Мектеп аумақтарында сенбіліктер ұйымдастырылып, оқушылар қағаз, пластик және өзге де тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға белсенді қатысты. Білім ордаларында арнайы сұрыптау жәшіктері орнатылып, экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған көрмелер, байқаулар мен челлендждер өтті. Бастамаға тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналар да белсенді араласты.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда

admin_mugalzhar

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.