«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРДАГЕР ВЕЛОШАБАНДОЗ ҚАНДЫАҒАШҚА КЕЛДІ

Ақтөбелік темір жол саласының ардагері велошабандоз Жұмабай Отарғалиев аудандық ардагерлер үйінде мұғалжарлық ардагерлермен кездесті. Велошабандоз осы жолғы саяхатын жазушы Б.Майлиннің 130 жылдығына арнап Қостанай-Рудный-Айет-Лисаковск-Ақтөбе бағытындағы естеліктерімен бөлісті.

Жұмабай Отарғалиев темір жол саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, жылдар бойы спортпен шұғылданған. Зейнеткерлікке шыққаннда ақсақал волейболмен айналысып, велосипедті тізгіндеп, армандарын орындай бастаған.

Салауатты өмір салтын жанына серік еткен Жұмабай Отарғалиевты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев құттықтап, «Мұғалжар» энциклопедиясын тарту етті.

Сонымен қатар кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы ардагерлерге Мемлекет Басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерге сәйкес ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жұмыс уақыты режимінің сақталуын қарайды

admin_mugalzhar

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды

admin_mugalzhar

Қазақстанда балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгерді

admin_mugalzhar