«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ: ТАЗАЛЫҚҚА ДА ЖАУАПКЕРШІЛІК КЕРЕК

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қандыағаш қаласының әкімдігінде қала әкімі Данияр Черниязовтың қала аумағындағы санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша есебін тыңдады.

Кездесуде сөз алған қала әкімі Данияр Черниязов тұрғындар санитарлық тазалық жұмыстарына байланысты және қала аумағында жүзеге асырылатын жобаларды баяндады. Кездесулерде тұрғындар тарапынан түскен талап-тілектер мен ұсыныстардың орындалу барысына тоқталып өтті.

Жиын барысында аудан басшысы Қандыағаш қаласы әкіміне және аппарат мамандарына инвестициялық жобаларды тарту, қала аумағында берілген жер телімдерін тиімді пайдалануды қадағалау, қаланы абаттандыру, кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін (сыртқы келбетін) реттеу — қала құрылысы нормаларына сәйкес, бірыңғай эстетикалық стильді, санитарлық тазалықты және сәулеттік үйлесімділікті сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

admin_mugalzhar

ИЕСІЗ ИТ-МЫСЫҚТАР ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАР

admin_mugalzhar