«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАР

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың Жарлығы шықты.
2023 жылдың 25 желтоқсанында шыққан Президент Жарлығының тізімінде Мұғалжар ауданының да алтын құрсақты аналары бар. Атап айтсақ, жеті және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелегені үшін Салтанат Төлешова мен Индира Ізмағамбековаға «Алтын алқамен», ал алты бала туып, тәрбиелегені үшін Нұршат Бахрадинова, Ұлболған Бекбергенова, Асел Ибраева, Жадыра Иркинчаева, Құралай Қожағұлова, Жангүл Мұқашева, Гүлназ Пангереева, Айнұр Парахатова, Гүлсім Сисенбина және Алия Тынымбаева «Күміс алқамен» наградталды.

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа сапалық кезеңі

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕМІСІ

admin_mugalzhar

Құқық қорғау саласына серпін береді

admin_mugalzhar