«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ ЕКІ КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Ембі қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезеңкезеңімен жүзеге асырылуда. Қаладағы негізгі көшелерді жөндеу және қайта жаңарту жобалары биыл да жалғасын тауып, қала аумағындағы Ахмет Жұбанов пен Талғат Бигелдинов атындағы көшелерді жөндеу жұмыстары басталған. Бұл туралы Ембі қаласының әкімі Наурызбек Сарбасов айтты.
Ұзындығы екі шақырымды құрайтын Ахмет Жұбанов көшесін қайта жаңғырту ауыспалы кезеңмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді «RahMan-Holding» ЖШС-і өз жауапкершілігіне алған. Бұл көшеге өткен жылы қажетті материалдарды тасымалдау жұмыстары атқарылса, осы жылы толыққанды құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмек. Келісімшарт сомасы 260,0 млн теңгені құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 3 ай ішінде аяқталады.


-Талғат Бигелдинов көшесінің құрылысы бойынша жаңа жоба қолға алынды. Аталған жобаға сәйкес, биыл құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталып, «Жем-Ақберген Құрылыс» ЖШС-і таңдалды. Жолдың ұзындығы 1,9 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны 277,4 млн теңге. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығын 5 ай деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта қала көшелерін жөндеу, бюджеттің бөлінуіне байланысты кезеңкезеңімен атқарылатын болады, — деді қала әкімі Наурызбек Жұмабекұлы.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Конституцияға қылмыстық процесте прокурор мен адвокаттың мәртебесін тең ететін норма енгізіледі

admin_mugalzhar

1,6 трлн тенге предусмотрено на выполнение поручений Президента в 2021 году

admin_mugalzhar

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАМҚОР БОЛҒАН САЯСАТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.