«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРДЕЙЛЕНДІРУ ТИІМДІ МЕ?

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ ДЕГЕНІМІЗ — ДЕРЕКҚОРҒА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕНГІЗЕ ОТЫРЫП ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТ БЕРЕ ОТЫРЫП, БІРДЕЙЛЕНДІРУДІ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ, ТАҢБАЛАУ АРҚЫЛЫ ЖАНУАРҒА ЖЕКЕ НӨМІР БЕРУДІ ҚАМТИТЫН ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҮЙЕСІ.

Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Қағидасын бекіту туралы» ережесімен реттеледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіріп, ҚР АШМ дерекқор базасына енгізу арқылы жануарлардың есебін анықтау және оларды аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу аса маңызды ісшара. Бірдейлендірілген жануарлар аса қауіпті ауруларға қарсы мемлекет есебінен тегін егіледі.

Осыған орай, жануарларды бірдейлендірудің қазіргі заман талабына сай әдістері де қолданысқа келуде. Бұрын жылқы жануарына пайдаланылатын таңбалау әдісі кезінде (ыстық, суық тәсілдермен күйдіріп таңбалар басу) қиындықтармен қатар жануарларға зиянды жақтары да (механикалық соққы алу, құлау, сүйек сыну, дене мүшелеріне зақым келу, іш тастау, т.б.) орын алатын. Ал, қазір чиптеу арқылы бірдейлендіру тиімді әдіс болып отыр. Себебі, чип арнайы шприцпен жануардың тері астына салынады және өмір бойына сақталады. Чиптеу әдісін барлық жануарлардың түріне пайдалануға да болады. Сонымен қатар, аша тұяқты жануарларға (мүйізді ірі қара, түйе, уақ мал, шошқа) салынатын сырғаның чиптелген электрондық түрін (радиожиелікті) алуға болады.

Бұндай сырға салынған жануарлар «Ақпараттық-талдау жүйесі (ИАС)» Республикалық мал шаруашылығы жүйесіне бірден тіркеліп тұрады. Электрондық сырға да, чип те сканер арқылы оқылады. Сканерді мал иесі сатып алуына да болады немесе ветеринариялық ұйымдардағы сканерді пайдалануға болады. Мал иесі сатып алған электрондық сырға мен чипті ветеринариялық ұйымдардың мамандары тегін салып береді.

Барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады. Егер меншігіңізде бірдейлендірілмеген жануарларлар болса төмендегідей ветеринариялық қызметтер көрсетілмейді:

— Ұрланған (табылған) жануардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес (бірдейлендірілген жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ);

— Бірдейлендіру нөмірінсіз мал дәрігері тарапынан ветеринарлық анықтама рәсімделмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіру қажет: — Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар-туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

— Құлындар-төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде); Әрбір ауыл шаруашылығы жануарларын ұстап отырған мал иелеріне ветеринар мамандар тарапынан ұсыныстар: — Дер кезінде, ең бастысы өз жануарларыңызды бірдейлендіру керек.

— Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардың сырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұл компьютерлік деректер базасында (АШЖБ) толық және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Меншігіңіздегі жануарларды бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша жергілікті ветеринариялық станциясы мамандарына міндетті түрде жүгіну қажет.

А.АУЕЗБАЕВА, ҚР АШМ ВБжҚК Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы бас маманы

Ұқсас ақпараттар

ӘЛИМА САЛҒАН ЖЫР ҚАНДАЙ?

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.