КӨКТЕМ-ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІНДЕ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗА ТҮСЕДІ. ОСЫ КЕЗЕҢДЕ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДА, ШАБЫНДЫҚТАРДА ЖӘНЕ ЖАЙЫЛЫМДАРДА ӨРТ ШЫҒУ ҚАУПІ АЙТАРЛЫҚТАЙ АРТАДЫ. ӘСІРЕСЕ ҚҰРҒАҚ ШӨПТІҢ КӨП БОЛУЫ МЕН АУА РАЙЫНЫҢ ЫСТЫҚ ӘРІ ЖЕЛДІ БОЛУЫ ӨРТТІҢ ТЕЗ ТАРАЛУЫНА СЕБЕП БОЛАДЫ.
Ауыл шаруашылығы техникаларын, соның ішінде тракторларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау аса маңызды. Трактордыңшығаратыныстық газдары мен ұшқындары құрғақ шөпке тиіп, өрттің басталуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты әрбір техника міндетті түрде ұшқын сөндіргішпен (искрогаситель) жабдықталуы тиіс. Ұшқын сөндіргіш – трактордың шығару жүйесіне орнатылатын арнайы құрылғы. Оның негізгі мақсаты – қозғалтқыштан шығатын ұшқындарды ұстап қалып, сыртқа шығуына жол бермеу. Бұл қарапайым құралүлкен өрттің алдын алуда өте тиімді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін: *Барлық тракторлар мен комбайндар жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталуы тиіс; *Техниканың шығару жүйесін үнемі тексеріп, тазалапотыру қажет; *Жұмыс алдында тракторда алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш, су) болуы міндетті; *Құрғақ шөпті және сабанды рұқсатсыз өртеуге болмайды; *Дала жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы аралық жолақтар жасау ұсынылады; *Желді күндері ашық от қолданудан толық бас тарту қажет. Шөп алқаптарында өрттің шығуы тек материалдық шығынға ғана емес, сонымен қатар экологиялық зиянға да алып келеді. Өрт кезінде топырақтың құнарлылығы төмендеп, жануарлар мен жәндіктерге қауіп төнеді. Өрттің алдын алу – әрбір ауыл шаруашылығы қызметкерінің бастыміндеті. Қарапайымқауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы үлкен апаттың алдын алуға болады. Қорытындылай келе, трактордағы ұшқын сөндіргіштің болуы және шөп алқаптарында сақтық шараларын қатаң сақтау – өрт қауіпсіздігінің негізгі кепілі.

