«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

20-26 сәуір күндері Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан оқушыларының XIII жазғы оқушылар гимназиадасы өтті. Волейболдан өткен жарыста Ақтөбе облысының құрама командасы жеңімпаз атанды.

Аталған құрама команда сапында Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Гүлайым Жауғаштина, Адель Жундыкбаева, Жанерке Сағидолла және Аяла Есенбай өнер көрсетіп, Ақтөбе облысы командасының жеңіс тұғырынан көрінуіне септігін тигізді.
Жаттықтырушысы Айдын Бисенғалиев.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «Бастау-Бизнес» жобасы сәуірде басталады

admin_mugalzhar

Биыл Ақтөбеде 14 «жайлы мектеп» ашылады

admin_mugalzhar

Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтті

admin_mugalzhar