Мұғалжар ауданының орталығы – Қандыағаш қаласында қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Инфрақұрылымды дамыту аясында қалаға 11 жаңа Gazelle Next маркалы 22 орындық микроавтобус әкелінді.
Бұл бастама қалаішілік бағыттардағы қызмет сапасын айтарлықтай жақсартпақ. Енді тұрғындар жайлы әрі заманауи стандарттарға сай жабдықталған шағын автобустармен күнделікті қатынай алады. Тасымалдау жұмыстарына «Фин-Люкс» ЖШС жауапты.
Аудан әкімдігі автопаркті кезең-кезеңімен жаңарту – өңірдегі жолаушылар тасымалының тиімділігін көтеруге бағытталған негізгі қадамдардың бірі екенін айтады.

