«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН АРДАҚТЫ ЖАН

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЖАҢАҚОНЫС» МӨЛТЕК АУДАНЫНАН АУДАН ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСҚАН, САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН БАСПАСӨЗ САЛАСЫНА АРНАҒАН АРДАҚТЫ АЗАМАТ НҰРҒАЛИ ТАСТАНБАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛМЕК. БҰЛ – ЕЛГЕ СІҢГЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНУІ ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛГЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ҚҰРМЕТТІҢ ҮЛГІСІ. ОСЫҒАН ОРАЙ «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖУРНАЛИСТЕРІ НҰРҒАЛИ ТАСТАНБАЕВТЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫНА АРНАЙЫ БАРЫП, ҰЛЫ БОЛАТ СЕРІКБАЕВПЕН, ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСІП, АРДАҚТЫ ӘКЕ МЕН ӨНЕГЕЛІ АТАНЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІК ТЕРГЕ ҚАНЫҚТЫ.
Бізді жылы шыраймен қарсы алған Болат Серікбаев әкесі жай лы тебірене әңгімелеп, Нұрғали Тастанбаевтың майдангер ғана емес, отбасына қамқор, жүрегі кең, өте мейірімді әке болғанын айтты. Оның айтуынша, әкесі ба лаларының тәрбиесіне ерекше мән беріп, бәрінің жоғары білім алуына жол ашқан.
— Күні бүгінге дейін әкемнің бейнесі көз алдымда тұрады. Бала кезімде кешқұрым шамның жа рығымен қолына қалам мен қағаз алып, үстел басында үлкен ой мен терең үнсіздіктің арасында жұмыс жасап отыратын. Біз ба ламыз, көп нәрсені түсіне бер мейміз. Қазір ойлап отырсам, ол аудан жаңалықтарын саралап қана қоймай, кейіпкерлерін жан- жақты ашу үшін үлкен ізденіс үс тінде отырады екен ғой. Әкем нің ғұмыры – қарапайым еңбектің, үлкен жүректің, ұлтқа де ген сүйіспеншіліктің айғағы. Ол атақ үшін емес, елдің ықыласы үшін еңбек етті. Сол себепті де оның аты ұмытылмайды, сөзі өшпейді, — деген Болат Нұрғалиұлының көз жанарына үйірілген жасты байқадық. Сол сәтте әке өнегесі мен перзент сағынышы үндескендей болды.

-Әкем — мәңгілік сағынышым. Оның жайдары жүзі, әкелік өсие ті жадымда мәңгі сақталады. Жыл сайын 9 мамырда қараша ңыраққа балалары жиналып, әкеміздің рухына құран бағыш таймыз. Әдемі естеліктерімізді айтып, әке-анамызбен өткен бақытты күндерімізді еске ала мыз. Биыл да 9 мамыр күні өзі ұзақ жыл еңбек еткен Қандыа ғаш қаласындағы көшеге әкем нің есімін беруге қатысты шара өтпек. Одан кейін үлкен ас бер гелі отырмыз, — деді Болат Серікбаев.
Болат аға әкесі Нұрғалидың фотолары мен ол туралы жазыл ған мақалаларды жинақтап, үлкен альбом жасап қойыпты. Ұлы Отан соғысына қатысып, жасаған ерліктері үшін берілген орден дері мен медальдарын да көзінің қарашығындай сақтап келеді. Ол әкесінің қалдырған ізі ұрпақ тары үшін даңғыл жол, ал жазған әр сөзі өшпес өсиет екенін жеткізді. Нұрғали Тастанбаев өмірлік жары Елеу Құрамысқызы мен бірге бір ұл, үш қыз тәрбие леп, бәріне адалдық пен еңбек қорлықтың, парасат пен мейірім діліктің үлгісін көрсете білген. Бүгінде оның ұрпақтары әр сала да ел игілігіне қызмет етіп келеді. Бұл да әке аманатына деген адал дықтың белгісі екені сөзсіз. Келіні Бибатима Елеусізова да Нұрғали Тастанбаевты ерекше ілтипатпен еске алып, оны пара сат-пайымы терең, адамгершілігі мол, өнегелі әулеттің ұйытқысы болған ұлағатты ата ретінде си паттады. Оның айтуынша, атасы ның ұрпағына қалдырған ізгілік пен еңбекқорлыққа үндеген өсиеті бүгінде өмір жолындағы басты бағдаршамына айналған.

-Атамды жан-жағы қатты сыйлайтын. Зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты. Ардагерлер ұйымы ның төрағасы болды. Күнде ер теңгісін жұмысқа кетіп бара жа тқанда киімі тап-таза, бойын тік ұстап жүретін. Жағымды, жақсы қасиеттері өте көп еді. Бүгінге дейін атамды еске ал сам, көмейіме өксік тығылады. Мен де қолымнан келгенше атамның барлық жағдайын жа сауға тырыстым. Ол кісі өмір ден өтерінде маған батасын беріп, ризашылығын білдірді, деді Бибатима апай.
Сондай-ақ ол Нұрғали атаның немерелеріне деген ерекше мейірімін тебіреніспен еске алды.
— Немерелеріне өте керемет ата бола білді. Жалғыз ұлы Бо латтың соңынан ерген Мұрат немересі ол кезде оқушы еді, қасынан бір сәтке де қалдыр майтын. Редакция ұжымына ертіп апарып, бәріне танысты рып, аталық мейірімін барынша көрсете білді. Немере қызы Анаргүлді де ерекше жақсы көрді. Енем де өте байсалды, көргенді адам болды. Әдемі үндестікте, елге үлгі боларлықтай ғұмыр кештік. Атам да, енем де көп адамға ақылшы бо лып, көмек беруден ешқашан қашпайтын. Осы асыл қасиет терін бойыма сіңіріп, үлгілі адам болуға тырыстым, — деді ол. Бибатима Елеусізованың айту ынша, Нұрғали Тастанбаев өмі рінің соңғы сәттерінде оны қасы на шақырып, жүрекжарды амана тын ақырын ғана жеткізген. Сол бір сәт әлі күнге дейін көңіл тө рінде сақтаулы.
— Жалғыз ұлымен тату-тәтті ғұмыр кешіп, шаңырақтың бере кесін сақтап, немерелерін елге ие болар азамат етіп тәрбие леуді аманат етті, — деп көзіне жас алды Бибатима апай.
Нұрғали Тастанбаевтың есімін көшеге беру, осы игі істің жүзеге асуына немересі Мұраттың еңбегі зор. Атасының есімін ұлықтау жолында ол көп ізденіп, тиісті орындарға ұсыныс жасап, аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің атына хат жолдап, арнайы өтініш білдірген. Бүгінде бұл өтініш қолдау тауып, жақын арада жүзеге аспақ. Қазіргі таңда құрылыс пен кәсіп саласында еңбек етіп жүрген Мұрат Серікбаев көшеге атау берілгеннен кейін ол көшені абаттандыру, асфальттау жұмыстарының сметалық жобасын жасауды демеушілікпен өз міндетіне алып отыр. Бұл – атасына деген құрметтің, ұрпақтық парыздың айқын көрінісі.
— Атам үнемі жақсы сәттер мен керемет дүниелерді көрсе туге тырысатын. Менің дұрыс жолмен жүруіме, ешкімге қиянат жасамай, адамгершілігі мол адам болып қалыптасуыма үлкен күш салды. Мені жанынан тастамай, аталық ақылын ай тып, қолымнан жетектеп өсірді. Көшеге атамның есімін беру мәселесін осыдан жиырма жыл бұрын «Мұғалжар» газетінің бұрынғы редакторы, атамның шәкірті Қуаныш Кенжеғалиев көтерген екен. Бірақ түрлі жай ттарға байланысты кейінге қалдырылып келіпті. Содан бұл мәселені өзім қолға алып, жер гілікті билік өкілдеріне хат жол дадым. Көшеге адам атын беруге қойылған мораторийге байланысты сәл кешікті. Ономастика комиссиясына атамның еңбек жолында алған мараппаттары мен Ұлы Отан соғысына қатысып, көрсеткен ерлігі үшін берілген медальдары мен ордендерін тапсырдық. Олар тыңғылықты қарап, ұсынымы мызды қабылдады. Міне, бастаған ісім оңынан болып, көшеге атамның аты берілетін болды. Бұйырса, 9 мамыр күні көше сал танатты түрде беріледі, — деді немересі Мұрат Серікбаев. Нұрғали Тастанбаев есімі бері летін көшенің жалпы ұзындығы бір шақырымды, ені 44 метрді құрайды. Әзірге көшеге асфальт төсеу күн тәртібіне қойылмаған. Алдағы уақытта көшені абаттан дыру жұмыстары – жергілікті биліктің еншісінде.
Жақындарының айтуынша, Нұрғали Тастанбаев өмірінің соңғы кезеңдерінде немересімен көп уақыт өткізген. Оны қасынан тастамай, редакция ұжымына да бірге ертіп барып, таныстырып жүретін болған. Бұл атаның неме ресіне деген ерекше ықыласын, тәрбиені өнегемен ұштастыра білгенін аңғартады. Сол сәттер бүгінде Мұраттың жадында өшпес естелік болып сақталған. Немересі Анаргүл Серікбаева да атасын ерекше сағынышпен еске алды. Оның айтуынша, Нұрғали ата немерелеріне мейірімін төгіп, тәрбиесін сөзбен емес, ісімен көрсете білген жан еді.
— Атам өмірде өте мейірімді болды. Біз ол кезде жас едік. Де малыс кезін асыға күтетінбіз. Себебі атамыздың жанында болу біз үшін үлкен қуаныш пен бақыт болатын. Атам кітапты көп оқитын, газет-журналдар дың ешбір нөмірін жібермейтін. Өте сауатты, мәдениетті, парасатты адам болды. Мені «Анюка» деп еркелететін. Ән айтқанды жақсы көретінмін. Бірақ атам менің өнер жолына емес, білім жолына түскенімді қалады. Сол тілегін жерге тастамай, сабағымды үздік аяқтап, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі атандым. Бүгінде ұстаздық қызмет атқарып жүрмін. Біздің әулетте мұғалімдік жолды таң дағандар көп, — дейді Анаргүл Болатқызы.
Нұрғали Тастанбаев саналы ғұмырын аудан журналистикасы ның өркендеуіне арнап, халыққа қызмет етті. Аудандық газетте табан аудармай 20 жылдан астам уақыт редакторлық қызмет атқа рып, ізінен ерген іні-қарындаста рына бағыт-бағдар беріп, тіл шілікке баулыды. Олардың қата рында Қ.Кенжеғалиев, Е.Кенеба ев,Н.Балмаханов, Б.Жанасаев, Ж.Сегізбаевтар бар. …Майдан даласындағы ерлігі мен бейбіт өмірдегі еңбегі қатар өрілген тұлғаның есімі ел жадын да сақтала бермек.
БІЗДІҢ ДЕРЕК
Нұрғали ТАСТАНБАЕВ — 1920 жылы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Соғыс ардагері, партия-кеңес қызметкері. Шалқар мектеп интернатын, Ақтөбе педучилищесін, Қазақстан Компартиясы Орталық Коми теті жанындағы Алматы жоғары партия мектебін аяқтаған. Ұзынкөл бастауыш мектебінде тарих-география пәндерінен дәріс берген. Қарабұ тақ аудандық «Колхоз жолы» газетінде жауап ты хатшы, газет редакторы, аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. 1955-1965 жылда ры Темір ауданын да ауданаралық «Социалистік майдан» газетінің редакторы,1965-1967 жылдары Октябрь аудандық партия комитетінің үгіт насихат бөлімінің меңгерушісі, 1967 1980 жылдары аралығында «Октябрь туы» «Знамя Октября» газетінің редак торы қызметтерін атқарды. Осы қызметтен зейнеткерлікке шықты. Әлденеше рет аудандық кеңестің депутаты, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болған. I, II дәрежелі Отан соғысы ордендері мен және бірнеше медальмен марапатталған.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ

admin_mugalzhar

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

admin_mugalzhar

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН КӨЛІК ҚҰТҚАРЫЛДЫ

admin_mugalzhar