1983 жылдың күзітін. Менің аудандық «Отябрь туы» — «Знамя Октября» газетіне қызметке келге німе бір-екі айдай болған-ды. Жаңа орталық, жаңа адамдар, ептеп танысып, білісіп жатырмын. Редактордың орынбасарымын. Редакторымыз Жолдымұрат Сегізбаев маған арқа сүйейді ме, газеттің барлық жұмысын маған артады да, райкомдағы бір бітпейтін жиналыстарға кетіп қалады. Газет жұмысы қашан да толастаған ба?! Бір нөмірін шығарсаң, келесі нөміріне дайындық үзілместен жалғаса береді. Сондай қарбалас күндердің бірінде менің кабинетіме аға жастағы бір азамат кіріп келді. Қарасам, маған жүзі жылы көрінді. Еркін жүрісінен байқаймын, редакцияны өз үйіндей көретін сияқты. Ұзын бойлы, жасы келген кісі болса да тік де нелі, үстіндегі жолақты қоңыр костюмі өзіне құйы лып тұрған нағыз интеллигент адам. Мен орынымнан тұрғанымша столға жақындап келген бойда:- Әлгі, редакцияға жаңа «зам» келді деп естіп едім, сенсің бе? – деді.- Иә, мен едім! Ассаламуғалейкум! – дедім мен сасқалақтап.- Е, бопты! Құтты болсын! Бұрынғы «замдар» об лыстық газетке ауысып кетті деп естігенмін, сен көрші ауданнан келдің ғой, осы?.. — деп, маған тағы бір сынай көз тастады. «Апыр-ай, мына кісі кім болғаны, сонда? «Сен» дегеніне қарағанда мені жақын көргені ме?!» Ойым жалт-жұлт етті. Кенет бұл кісінің кім екенін ішімнен тани кеттім. «Ә-әә! Нұрғали Тастанбаев екен ғой!». Маған Жолдымұрат анада бір әңгімес інде бұл аға туралы айқан еді. Редакторлықты осы Нұрекеңнің қолынан қабылдағанда батасын беріпті. Сонда Нұрекең туралы жылы-жылы пікір айтқан-ды. Нұрғали Тастанбаев ұзақ жылдар бойы газет деген киелі баспаның тауқанатын молынан арқа лаған адам. Бірақ барлық қиындыққа көне оты рып, осы мамандықты таңдағанына еш өкінбепті. Жарты ғасырдай уақытының ширек ғасырында ре дакторлық қызметте болған. Зейнет жасқа жеткен де қимай-қимай осы қызметінен демалысқа шық қан. Сол жолы Нұрғали ағаның маған деген жылы сөздері көңілімде сайрап тұр. Кейінде де ағамен өмірдегі түрлі жағдайларға қатысты кездесіп тұрдық. Жылы сөзі мен мейірімді көзқарасынан бір қуат алғандай, анадай жерде тұрса, арнайы бұрылып сәлем беріп, қасында тұрғанды қалай тынбыз. Қандыағашта редакторлық кызметте болғанда Нұрекеңнің қарамағында Б.Жанасаев, А.Өтегенов, Е.Кенебаев, Қ.Кенжеғалиев, Ж.Сегізбаев, Н.Балмаханов сияқты жас журналистер жұмыс жасап, ұстаздық тәрбиесін көріп, кейін газет редакторлары, жазушы деңгейлеріне дейін көтерілді.
Нұрғали аға майдан ардагері. Омырауында екі бірдей І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орден дері, басқа да орден мен медальдары жорық жыл дардың куәгеріндей жарқырады. Майданда елі мен жерін қорғаған абзал аға, туған жерге оралға сын да алдыңғы шепте жүрді. Елдің еңбек тыны сын жырлаумен болды. Оның қолы қойылған та лай жылдардағы газет тігінділері соғыстан кейінгі дүбірлі уақыттың замана шежіресі еді. Нұрекең жаңа заманның туғанын көзімен көріп кетті. Қуанды, шүкіршілік етті. Бүгіндегі жас ұрпақ аға ұрпақтың ерлігі мен ерен еңбегін ұмытқан жоқ. Оларды пір тұтқандай ардақтап, мәңгіге есте сақтау үшін көшелер мен оқу орындарына атақ беру де, тарихын зерттеуде, ескерткіштер орнатуда. Міне, аға ұрпақ өкілінің бірі – Нұрғали Тастанбаевқа Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында көше атағын беру туралы аудан әкімдігі мен мәслихатының шешімін жергілікті жұртшылық зор қанағаттанғандықпен қабылдап отыр. Иә, әкелер мен ағалардың келер ұрпақтың ба қыты жолында күрескен ерлігі мен маңдай тері ел есінде мәңгі сақталады. Тарих ұмытылмайды!
Бақытжан НИЕТАЛЫ, ардагер
Алдыңғы

