«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕНІҢ РЕДАКТОР-ҰСТАЗЫМ

Темір қаласында оқып жүргенімде «Жаршы» газетіне мақа лаларым жарияланып жүрді. Редакцияға жиі баратынмын. Ақын Есенбай Дүйсенбаев пен фельетоншы-жазушы Табыл Құлиясов деген ағаларымыз ерінбей-жалықпай, білгендерін үйрететін. Мектеп өмірінен ма қалалар жазуға тапсырмалар беретін. Жазған өлеңдерім мен әңгімелерімді өңдеп, газетке жариялайтын. Бірде осы ағалар мені газет редакторына апарып таныстырды. Редактор жылы қабылдады. Мектепті бітіргеннен соң арнайы журналистік оқуға жолдама беретіндігін айтты. Содан соң редакцияның есеп шісін шақырып, менің газетке шыққан мақалаларыма қала мақы бергізді. Ақша болғанда да өте көп ақша. Маған сонша ма қамқорлық көрсетіп, кісілік танытқан сол кісі газет редакто ры Нұрғали Тастанбаев болатын. Кейіннен ҚазГУ-дің журнали стика факультетін бітіріп, елге келгеннен кейін осы кісінің қарамағында ұзақ жылдар бойы қызмет еттім. Нұрекең өте бір са бырлы, кеңпейіл, иман жүзді адам еді. Ешқашан айқайлап сөйлегенін естіген емеспін. Жал пы біз, журналистер, редактордың екі түрін білеміз: бір редактор бар – жазғаныңды түзейтін, енді біреуі бар – алдына апарған материалыңды күзейтін. Ал менің редакторым біріншісіне жататын адам еді.
Келіспей тұрған сөйлем ұйқасына бір сөз қосып түзегені, ойлаған ойыңнан шыға келетін. Өте сауатты қаламгер болатын. Газетте қате жібермейтін. Корректор, подчитчик, кезекші, редактордың орынбасары бар, бәріміз жабылып, тоқсан қайтара оқыған газет бетінен ол оқыса, әйтеуір бір қате тауып алатын. Нұрекең маған он бес жылдай редактор болды. Шыны керек, әкемдей сыйлайтынмын. Ол болса мені өз баласындай көретін еді. Нұрекең өмірінің соңғы уақытына дейін аудандық газетке мақала жазып тұрды. Нұрғали Тастанбаевтың мамандығы – мұғалім. Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-есен оралғаннан кейін партия-совет қызметінде жұмыс істеген. Кейін газетке ауысқан. Темір қаласында шыққан «Жаршы», «Социа листік майдан» газеттерінде, аудан орталығы Қандыағаш стан сасына көшірілгеннен кейін «Октябрь туы» – «Знамя Октября» газеттерінің редакторы болып қызмет етті.
Ширек ғасыр аудандық газеттің редакторы болған Нұре кеңдей жақсы ағаның атына ес керткіш боларлық Қандыағаш тан бір көше табылғаны қуанта ды. Осы мәселені 20 жыл бұрын мен де көтерген едім. Қала көшелеріне аты берілген А.Қалиев, И.Гриненко, Т.Байкунов сынды ағаларымыздан кем еңбек сіңірмеген Нұрекеңнің де атына бір көшенің берілгені аудан журналистері үшін үлкен қуаныш болды.
Қуаныш КЕНЖЕҒАЛИЕВ, ардагер-журналист

Ұқсас ақпараттар

18 мыңнан астам мұғалім тегін курстан өтті

admin_mugalzhar

МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АУДАНДА 20 МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ҚАТАРЫНА КІРГЕН СӘБИЛЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

admin_mugalzhar