«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниеттіміз — Ердоған

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған республикалық референдумда халық қолдауына ие болған жаңа Конституция Қазақстанның ынтымағын арттыра беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар мәртебелі мейман екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық салада нығайып келе жатқанын айтты.

– Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын, – деді Түркия Президенті.

Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Түркия тарапынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Сауда министрі Болат Омер баяндама жасады.

Ұқсас ақпараттар

Гендерлік теңдік — тұрақтылық тірегі

admin_mugalzhar

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 10 КҮН ҚАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды

admin_mugalzhar