Жаңа оқу жылының басталуына бірнеше күн қалды. Біз биыл да дәстүрден жаңылмай, мектепке дайындық науқаны туралы мақала дайындап, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік. Сөйтіп аудандық білім бөліміне хабарласып, аудандағы жалпыға бірдей білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы сұрап білдік. Сонымен…
ӨҢІРДЕ
Ақтөбе облысында 433 мектеп, 186 мың оқушы бар. Қазіргі уақытта 1-сыныпқа 17 290 баланың құжаттары қабылданды, 1 класқа қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. * «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға көмек ретінде 761 445,6 теңге бөлініп, тамыз айында ата-аналардың есепшотына аударылады. Ол қаражат қаржылық қиын жағдайдағы отбасы балаларының мектеп құралдарын алуға арналған. * Облыста ерекше қажеттіліктері бар 9 148 бала білім алып жатыр, жыл сайын диагнозы бар балалар саны артуда. Қараша айында инклюзивті білім бойынша Ақтөбеде халықаралық форум өтеді. Шараға дейін зерттеулер жүргізіліп, арнайы қажеттігі бар балалар санының өсу себептері ортаға салынбақшы. * Колледждерде 18 202 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады, биыл халықаралық тәжірибе негізінде “Мамандықтар атласы” жасалуда. * Облыста 48 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 41 мектепке жаңа пәндік кабинеттер ашылады. * 150 мектепке аналитика жасау қабілеті бар бейне бақылау жүйелері орнатылады. Жаңа камералар оқыс қимылдар мен күдікті заттарды анықтап, жедел орталыққа сигнал береді. * Ақтөбе қаласының мектептерінде СКУД жүйесі жаңартылады, енді оқушылар мен мектеп қызметкерлері мектепке карточкамен емес, бірегей alaqan биометриясы арқылы кіріп-шығады. * Мектеп кітапханалары 87 120 жаңа әдебиетпен толықтырылды, оның ішінде пәндік оқулықтармен қатар қызықты заманауи кітаптар да бар.
Аудан мектептерінде 12627 бала білім алады
Елімізде балаларды жаппай біліммен қамту үлкен маңызға ие. Алоларға берілетін білімсапасын арттыру күн тәртібінен түспейтін бастыміндет. Бүгіндеауданаумағында жалпы саны 37 мектеп жұмыс жасайды. Мектептерде 12627 оқушы білім алады. Оның ішінде 24-і орта мектеп, 11-і негізгі мектеп, 2-і бастауыш мектеп.
—Оқу жылында аудан аумағында орналасқан 2 бастауыш мектепте 27 бала, 11 негізгі мектепте 278 бала, қалған балалар 24 орта мектепте оқиды деп жоспарлап отырмыз. Аудан бойынша 1-4 сынып аралығында — 5595 бала, 5-9 сынып аралығында — 5922, 10-11 сынып аралығында — 1110 бала бар. Жалпы саны 12 627 оқушының 10854-і қазақ тілінде, 1773-і орыс тілінде білім алады. Биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің құжаттары электронды eaktobe.kz базасы арқылы қабылданды, — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Қуанышұлы.
Бөлім басшысының айтуынша, аудан мектептерінде жалпы саны 2106 педагог қызмет атқарады. Оныңішінде 267 мұғаліммектепке дейінгі ұйымда, 72 педагог қосымша білім беру ұйымында, 1767 педагогжалпыортабілімберу ұйымдарындаеңбекетеді. Жалпыбілім беретін мектеп педагогтерінің 80,4% жоғары білімді, ал жоғары санаттылар үлесі – 70,7 пайыз.
217 бала балабақша кезегінде тұр
Мемлекеттік саясаттың міндеттерінің бірі — балаларды бала бақшамен қамту. Бұрын балаларды балабақшамен қамту мәселесі күн тәртібінен түспейтін. Ал бүгінде бұл мәселе түбегейлі шешілген. Аудандық білім бөлімі мамандарының айтуынша, 3 және 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызға орындалған. Ал 1-3 жас аралығында 217 бала балабақшаға орын алу кезегінде тұр.
—Мұғалжар аудандық білім бөліміне 32 балабақша мен 22 шағын орталық қарайды. Оларда жалпы саны 4001 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 3276 бала балабақшаға барса, 725 бала шағын орталықтарға барады. Сондай-ақ аудан аумағында жекеменшік 12 балабақша жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасына келетін болсам, балабақшалардың 18-і бейімделген, 14-і типтік ғимараттарды орналасқан. Бейімделген ғимараттардың басым бөлігінде 20 мемлекеттік, 12 жекеменшік балабақша орналасқан. Аудан бойынша 20 балабақша бейнебақылау жүйесімен жабдықталып, 231 бейнекамера қойылған. Оның 95-і сыртта болса, 136 іште орнатылған. Жоғарыда аталған мектепке дейінгі ұйымдардың барлығы толықтай «Электронды қ үкімет порталы» арқылы автоматтандырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшірілген, — деді бөлім басшысы Бахраман Аманжол.
Бөлім басшысы аталған ұйымдарды кадрмен қамтамасыз ету туралы да айтып өтті. Оның сөзінше, мектепке дейінгі ұйымдарда 394 педагогикалық қызметкер жұмыс жасайды екен. Жаңа оқу жылында аудан балабақшаларына 4 педагогті жұмысқа қабылдау жоспарда барын жеткізді.
Мектептер мен бала бақшалар күрделі жөндеуден өткізілуде
Бүгінде аудандағы жалпы білім беретін мектептердің барлығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал Қаракөл ауылындағы Ахмет Жұбанов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары және Ақкемер ауылындағы орта мектептің шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
— А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 244 млн 664 мың теңге бөлінді. Бүгінде жөндеу жұмыстарын «Кварц Спец Сервис» ЖШС-і жүргізуде. Келісім шарт құны 231 млн 903 мың теңгені құрайды. Бүгінде мектеп ғимаратының шатыры жаңартылып, терезе, есік, едендері алмастырылып, су, кәріз, электр желілерімен жабдықталып, өрт-дабыл қағу жүйелері жөнделіп, қасбеті әрленіп, қабырғалар мен төбелері безендіріліп, мектеп ауласының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін жұмыстар аяқталатын болады, — деді бөлім басшысы.
Ал Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінің шатырын күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 32 млн 354 мың теңге бөлінген. Шатырын жаңалау жұмыстарын «Асыл Өркен Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Ембі қаласындағы «Бөбекжай» балабақшасы ғимараты апатқа дейінгі жағдайда тұр. Осы мәселені шешу мақсатында аталған балабақшаны №3 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратына ауыстыру үшін бюджеттен 29 млн 406 мың теңге бөлінген. Бүгінде мектеп ғимаратына әрлеу, терезе, есік, еден салу жұмыстары, су, кәріз, электр желілерімен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын «ГД 2015» құрылыс компаниясы жауапкершілігіне алған.
—Осы жылы Қандыағаш қаласындағы «Күншуақ» бөбекжай ғимаратын ауыспалы кезең бойынша күрделі жөндеуден өткіздік. Бүгінде барлық жұмыстар аяқталды. Жөндеу жұмыстарын «Алихан Ойл» ЖШС-і жүргізді. 2023 жылы жылытужүйесін, суменжабдықтау және кәрізді жөндеу, электр желілерін ауыстыру, үй-жайлар ішіндегі әрлеу жұмыстары жүргізілсе, биыл сыртқы жұмыстары жасалып, толығымен аяқталды, — деді ол.
Мектептерге қатты отын тасымалдануда
Аудандық білім бөлімінің мамандары білім ошақтары қысқы маусымға толықтай дайын екендігін жеткізді. Орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылатын қала мектептерінің жылу жүйелері тексеріліп, ағымдағы жөндеуден өткен. Жоғарыда аталған 37 мектептің 12-і қатты отынмен, ал қалғандары көгілдір отынмен жылытылады.
—Сапалы білім беру үшін ең бірінші балаларға жайлы жағдай жасалауы шарт. Қысы қытымыр біздің ауданда қыстың қамын жазда ойлауымыз қажет. Алдағы уақытта мектептер қыстан қысылмай шығуы үшін жылыту маусымына дайындықты қызу жүргізуде. Қатты отынмен жылытылатын мектептерге жалпы көлемі 2335 тонна көмір түсіріледі деп күтіп отырмыз. Бүгінде қатты отын тасымалдауға жарияланған хабарландыру аяқталып, «Жаңажол Логистик» ЖШС-і жеңімпаз атанды. Аталған мекеме отын тасымалдау жұмыстарын жүргізуде. Қатты отын тасымалы 17 тамыздан басталды, қазіргі таңда 4 мектепке қатты отын жеткі-зілді. 1 қыркүйекке дейін 100 пайызға тасымалдауды жоспарлап отырмыз, — деді бөлім басшысы.