«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ердоған: Бұл орден — Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипаттың белгісі

АСТАНА. KAZINFORM — Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын! — деді Түркия Президенті.

Айта кетейік, Тәуелсіздік сарайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен марапаттау рәсімі өтті.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды

admin_mugalzhar

21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar