«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып Қанат Жұмабекұлы Мусин тағайындалды. Жаңадан тағайындалған басшыны аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Қанат Мусин 1988 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы «Силикат-А» ЖШС-де жұмысшы ретінде бастаған. Әр жылдары Мұғалжар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде жетекші маман, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру ақпараттық технологиялар және ұйымдастыру бөлімшесінің жетекші маманы, Қандыағаш қаласы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік шаруашылық бөлімшесінің басшысы, әлеуметтік қамсыздандыру және коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап осы күнге дейін Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҒЫМСЫЗ ИІС «ЖЫРЫНЫҢ» НҮКТЕСІ ҚАШАН ҚОЙЫЛАДЫ?

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА 14 ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

Вакцина салдырмағандарға шектеу енгізіледі

admin_mugalzhar