«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғарыш саласы түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттырады – Президент

АСТАНА.KAZINFORM – ТМҰ елдерінде ғарыш саласын жүйелі дамытуда ғылыми-технологиялық әлеуеті жеткілікті. Бұл туралы бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Ғарыш саласы түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми-технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет. Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент ғылыми спутникті іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Саммитке ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары — Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.

Ұқсас ақпараттар

Сауд Арабиясында 120 мың жыл бұрынғы ежелгі адамдардың іздері табылды

admin_mugalzhar

Бүгін – Көрісу күні

admin_mugalzhar

Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

admin_mugalzhar